Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Sputnik
АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. 28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы 48 мекен-жайында, "Астана Арена" стадионының жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеге 100 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
Картоп пен көкөністер - 50 тонна;
Сүт өнімдері - 20 тонна;
Жұмыртқа - 400 мың дана.;
Балық - 2 тонна;
Ұн және макарон - 25 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.
Ауыл шаруашылығы өнімі бар автокеруеннің Астанаға шығуы 27 қазанда жоспарлануда.
Елордада қорытынды жәрмеңке 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстарының аграршыларының қатысуымен өтеді.