Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің қорғаныс министрлігі: Брянск маңында төрт дрон жойылды

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Түнде Киев режимінің төрт пилотсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасау әрекетнің жолы кесілді. Украина армиясының барлық әскери дроны Брянск облысының аспанында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілді, деп жазды РИА Новости.
Бұл туралы РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін түнде Киев режимінің Ресей Федерациясының аумағындағы нысандарға төрт ұшақ типті пилотсыз ұшу аппараттарымен террористік шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Украина армиясының барлық әскери дроны Брянск облысының аумағында кезекші әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілді", - деп жазылған хабарламада.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Байденнің "Ресей жеңілді" деген сөзіне жауап берді