АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі атағы берілгені үшін алғысын білдірді.
"Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін", – деп ризашылығын білдірген Димаш ҚазКСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың сөзін келтірді.
Димаш 24 жыл бұрын үйдегі мерекелердің бірінде түсірілген видоны жариялады. Кадрда ол бес жасында синтезаторда ойнап отырады да, содан кейін оны әзілдеп "халық әртісі" деп атайды.
Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнер қайраткеріне "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын берді. Олардың қатарында Димаш Құдайберген де бар.