Қазақстандықтарды Израильден эвакуациялаған Air Astana экипаждары марапатталды

Көлік және сыртқы істер министрліктері эвакуациялық рейс экипаж мүшелеріне алғыс хаттар жолдады
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. Қазақстандықтарды елге қайтару үшін Тель-Авивке барған ұшқыштар мен бортсеріктердің еңбегін Азаматтық авиация комитеті, СІМ және республиканың Израильдегі елшілігі жоғары бағалады, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстандық азаматтарды Израиль аумағынан қайтаруда қосқан үлесі мен көрсеткен ерлігі үшін Air Astana әуе кемесінің экипажын көлік министрі алғыс хаттармен марапаттады", - делінген хабарламада.
Он төрт адам алғыс хаттармен марапатталды. Олар: экипаж командирі - Станислав Ольховский, бас ұшқыш - Олег Колесников, екінші ұшқыштар - Сергей Орлов пен Алмас Сұлтанов.
Сондай-ақ стюардессалармен жұмыс жөніндегі супервайзер - Фарух Мушрапилов, бортсерік – супервайзерлер - Ақерке Сейілханова мен Әсем Адамбекова.
Мараптталғандардың қатарында аға бортсеріктер - Ольга Костюк, Зарина Кожахметова, Руслан Әбілдаев, бортсеріктер-Айнұр Жантаева мен Аружан Шерімхановалар бар.
Сондай-ақ бизнес-класс стюардессасы - Анастасия Попова да министрліктің мақтау қағазын алды.
Рейстерді кешіктіргені үшін "Эйр Астана" компаниясына айыппұл салынды