Астанада мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Оған 20 мыңнан аса адам қатысты
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған патриоттық іс-шара өтті. Оған департаменттердің ұжымы, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен басқармалардың, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, сол сияқты ардагерлер, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің ведомстволары мен кәсіпорындарының қызметкерлері, жастар ұйымдары белсене атсалысты.
Оған бас-аяғы 20 мыңнан аса адам қатысты. Игілігі мол бастаманың видеосы әлеуметтік желіге #25қазанРеспубликакүні, #АстанаРеспубликакүні, #Патриотизмдауысы #RepublicDay хэштегтерімен жарияланады.