АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Ақтауда ер адам лифт шахтасына құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 24 қазанда сағат түнгі бірде болған.
"Қайғылы оқиға 3-ықшам аудандағы ғимаратта болған. 34 жастағы ер адам лифт шахтасына құлап, қайтыс болды. Бұл факт Ақтау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі күні Қылмыстық Кодекстің 156 бабы 3-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиға ғимараттағы бейнекамераға түсіп қалған. Нан тиелген арбаны лифтіден шығармақ болған екі ер адамның бірі, кенеттен шахтаға құлап кетті. Екіншісі соққыдан сыртқа қарай ұшып, құлады.