АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылға қарай 41 ауылдың 22 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Министрлік топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның аясында 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.
"2025 жылға қарай 41 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1200 км топтық су құбырларын салу жоспарлануда, онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады",- деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сапалы ауыз суға қол жеткізетін елді мекендердің 35-і – Солтүстік Қазақстан облысында, үшеуі – Ақмола облысында, үшеуі Қызылорда облысында орналасқан.