Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украин қарулы күштері соңғы аптада көптеген шығынға ұшырады

Киевтегі шетелдік қару-жарақ қоры таусыла бастады
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Украина армиясы соңғы екі-үш аптада мыңдаған шығынға ұшырады, деді РИА Новостиге Донецк халық республикасы басшысының кеңесшісі Ян Гагин.
Ол бұған дейін агенттікке Ресей әскери күштері соңғы бірнеше аптада бүкіл байланыс желісіне, әсіресе Артемов және Донецк бағыттарына белсенді түрде шабуыл жасап жатқанын айтқан болатын.
"Біздің тарапымыздан белсенді іс-қимылдар басталған сәттен бастап, екі - үш аптаның ішінде жау жеке құрамының біразынан айрылды. Мыңдаған әскер, жүздеген бірлік техника жойылды. Бұл өте көп", - деді Гагин.
Оның айтуынша, Киевтегі шетелдік қару-жарақ қоры "таусыла бастады".
"Жаңа көмек болмаса, Украина, әрине, бәрібір шыдай алмайды. Бұны біз біліп отырмыз, қарсы Украина тарапы да бұл жағдайды түсініп отыр. Сол себепті қарсы тарап өзіне назар аудартып, (АҚШ президенті Джо) Байденнен және НАТО-ның басқа мемлекет басшыларынан тағы да қару-жарақ пен соғыс ақшасын алу үшін Киев алаңдаушыдық туып жатыр", - деп атап өтті агенттіктің сұхбатшысы.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте Украина Донецк бағытында 550-ден астам сарбаз, танк, екі броньды машина, төрт автомобиль, сондай-ақ "Мста-Б" гаубицасынан айырылды.