Білім

Қазақстанда магистратура гранттарының тізімі жарияланды

Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына 3860 грант, бейінді магистратура бағытына 467 грант бөлінген.
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Магистранттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ең көп грант "инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" мамандығына бөлінген. Аталған бағытқа бөлінген гранттар саны – 1758.
Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына 3860 грант, бейінді магистратура бағытына 467 грант бөлінген.
Магистратураға түскісі келетіндер үшін білім гранттарының тізімін мына жерден көруге болады.
Докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланды