Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тұр

Жүк көліктерінің кезекте тұруы – маусымдық жағдай, деп түсіндірді Қырғызстанның шекара қызметі
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында "Ақ-тілек-Автодорожный" бақылау-өткізу пункті алдында жүк көліктері кезекте тұр, деп хабарлайды 24kg.
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің хабарлауынша, қазір бақылау-өткізу пункті алдында 410 жүк көлігі кезекте тұр.
" Жүк көліктерінің осылайша жиналып қалуы – маусымдық жағдай. Бұл Қырғыз Республикасынан ауылшаруашылық өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуына байланысты.
Қырғыз және Қазақстан Республикаларының шекара қызметі тараптарынан жүк көліктеріне шектеу енгізілмеген. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", — делінген Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында.
Өткен тәулікте "Ақ-тілек-Автодорожный" өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға жеңіл көлік пен цемент зауыты өнімін тиеген жүк көліктерін есепке алмағанда 297 жүк көлігі кірген.
Қазақ-қырғыз шекарасында 600-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр