АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өз позициясын жақсартты. Ол бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Ал Юлия Путинцева төрт орын төмен сырғып, 70-ші орынға жайғасты.
Үздіктер тізімін Арина Соболенко (Беларусь) бастады. Екінші орынды Ига Швентек (Польша)иеленді. Үшінші орында Кори Гауфф (АҚШ) тұр.