АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысының Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды.
ҰҚК ақпаратынша, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды. Тінту кезінде 40 келі синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсор және зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сот санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.