АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.
Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бекетаев талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады.
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі болды.