АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Президент бас прокуратурада бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.