АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Докторанттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында 2023-2024 оқу жылында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы жүктелді. Онда бөлінген гранттардың санын және жоғары оқу орындарын табуға болады.
Докторанттарды даярлау бойынша ең көп грант Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (157 грант) бөлініп отыр. Одан кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (62), Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (57 грант) мен Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (39 грант) бар.
Гранттардың толық тізімін сайттың "Жаңалықтар" бөлімінен көруге болады.