АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресейлік әскерилер Донецк бағытында оқ жаудыруды тоқтатқан емес. Қарсыластың шығыны 155 адамға жетті. Бұл туралы "Оңтүстік" ресейлік әскерлер тобының баспасөз орталығының бастығы Вадим Астафьев мәлімдеді.
"Оңтүстік топтың бөлімшелері авиация мен артиллерияның қолдауымен Клещеевка, Андреевка, Курдюмовка мен Малоильиновка аудандарында жаудың күші жиналған 33 жерге соққы жасады. Қарсыластың шығыны 155 әскериді құрады", - дейді Астафьев.
Бұдан бөлек, батареялға қарсы күрес кезінде қарсылас тарап Васюковка, Клещеевка мен Миньковка жақта 120-шікалибрлік үш миноатқыштан айырылды.