Қазақстан азаматы 57 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын заңсыз кіргізбек болған

Ол елорда әуежайында кеден қызметкеріне 860 мың теңге пара берген
Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрады.
"Аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген", - деп жазылған хабарламада.
Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Сәтбаев қаласының тұрғыны 90 миллион теңгеге заңсыз темекі өнімдерін сатпақ болған