Тоғыз мың салымшы зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берді

Алматы тұрғындары 5 млрд теңгеден астам қаржыны жеке компанияларға сеніп тапсырды, елордада бұл көрсеткіш екі есе төмен
Sputnik
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген. Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері айтты, деп хабарлады Хабар 24.
Барлығы 9 мың адам осындай шешім қабылдаған. Басым бөлігі – Алматы қаласының тұрғындары. Олар 5 млрд теңгеден астам қаржыны жеке компанияларға сеніп тапсырды.
Елордалықтардың салым сомасы бұдан екі есе аз. Маңғыстау мен Атырау жұртшылығы 600 млн теңге жинағын аударған. Алматы облысы мен Түркістан аймағының азаматтары да онша белсенді емес.

Ақшаны қалай аударады

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.
Жеке кабинет арқылы өтініш жіберу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Онлайн режимде өтініш беру тәртібі видеода толығымен көрсетілген.
Қоғам
Мәжіліс депутаты жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды