Форум 17-18 қазанда Бейжіңде өтіп жатыр. Оған 140-тан астам ел мен 30 халықаралық ұйымнан 4 мыңнан астам адам қатысуда.
Форум барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді.
Ресей мен Қытай күнтізбелік жылдың соңына дейін тауар айналымын 200 миллиард долларға жеткізеді, деді Путин қытайлық әріптесімен кездесуінде.