Өзбекстан азаматын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Алматы полициясы Өзбекстан азаматын ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам ұрлау туралы шағым “102” операторына түскен.
Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға 23 жастағы ағасын Алматыда ұрлап, BMW көлігімен белгісіз жаққа алып кеткенін айтқан.
"Жгітті қорқытып, Шымкент қаласына өз бетімен оралуын талап еткен. Ұрланған адамның Өзбекстан азаматы екені және Шымкенттегі кірпіш зауытында жұмыс істегені белгілі болды. Жұмыстан шыққан кезде жұмыс берушілер оның төлқұжатын және еңбекақысын бермей қойған. Сондықтан жігіт Өзбекстан елшілігіне хабарласу үшін Алматыға қашып кеткен", - дейді ведомство.
Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 31, 29, 31 жастағы үш жұмыс берушіні ұстаған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.