АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарлар мен қызметтер саудасының көлемі артып келеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы операциялар шотының оң динамикасы тек Ресейде ғана байқалды.
Бұл ретте Армения мен Қазақстан бірінші жартыжылдықта тауарлар мен көрсетілетін қызметтер саудасының айналымы бойынша интеграция басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіштерге жетті (12,2 және сәйкесінше 78,5 млрд АҚШ доллары). Беларусьте тауар саудасының айналымы 16,7%-ке өсті. Қырғызстанда қызметтер саудасының айналымы 2,6 есеге, ал Қазақстанда – 41,7%-ге артты.