Ақтауда 18 жастағы жігіттен 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Ақтауда 18 жастағы бозбаладан 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол құны 10 млн теңгеден асатын есірткімен "Қарасора-2023" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды.
“Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам табылды”, - делінген хабарламада.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.
Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген.
Баланың есірткі жасырумен ақша тауып жүргенін қалай білуге болады