Тоқаев пен Путин "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысушылардың кездесу рәсіміне келді

Бейжіңде Қытайдағы форумға қатысушы делегациялар басшыларының "Бір белдеу, бір жол" бастамасының 10 жылдығына арналған ресми кездесуі өтті
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттердің президенттері Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде ресми кездесу рәсіміне келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапар аясында бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Мемлекеттік кеңестің басшысы Ли Цянмен келіссөздер жүргізген болатын.
Ресей президенті Владимир Путин суретке түсу рәсімі кезінде Си Цзиньпинмен және оның жұбайымен, сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Қытайда үшінші трансшекаралық теміржол пайда болады