Қазақстан мен Қытай сауда көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр

Президент Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің және біздің экономикамыздағы ірі инвесторлардың бірі екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық Халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті.
Тоқаев екі ел арасындағы белсенді және сенімді саяси диалогты атап өтті. Оның айтуынша, үкіметтік және парламенттік деңгейлерде үйлесімді жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Өткен жылы біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа "Алтын 30 жылдығын" бастадық. Бүгінгі таңда Қытай Қазақстанның ең маңызды сауда серіктестерінің және біздің экономикамыздағы ең ірі инвесторлардың бірі деп айтуға болады. Біз жақын арада екі ел арасындағы сауда көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Жалпы, Қазақстанның үлесіне Қытайдың Орталық Азияның барлық елдерімен тауар айналымының жартысы тиесілі", - деді мемлекет басшысы.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара тиімді ынтымақтастық пен екіжақты қатынастарды жаңа деңгейде тереңдетуге сенім білдірді.
Тоқаевтың Қытайға сапары аясында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды