Петропавлда футбол ойнаған жасөспірім қайтыс болды

Бала комаға түсіп, жүрегі тоқтап қалған
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Петропавл қаласында ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды 7152.kz порталы.
Қайғылы оқиға 16 қазан күні кешкі уақытта Жабай көшесіндегі Қарасай стадионына қарама-қарсы жағында болған. Ол жерде футболдан жаттығу өткен.
2005 жылы туған жасөспірімнің кіндіктен жоғары жағына доп тиген. Ол көгалға шалқасынан құлап, желкесін соғып алған.
Жедел жәрдемге сағат 18:36-да хабар түскен. Олар төрт минуттан кейін оқиға орнына барды. Бала комаға түсіп, жүрегі тоқтап қалған. Бірақ себебі әзірге белгісіз. Жабық ми жарақаты да анықталды.