АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде отбасылық тиран әйелдер де бар екенін жасырмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер елімізде агрессор әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма деп сұрады.
"Әрине, біз әзірге бұған нонсенс сияқты қараймыз. Дегенмен әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай кездеседі. Мысалы балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересектер өз ата-анасына шағымданып жатады", - деп жауап берді Лепеха.
ІІМ басшысы орынбасарының айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10 процентті құрайды.