АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астанада қызылшамен ауырған науқастардың 95%-і вакцинацияланбаған балалар мен вакцинация мәртебесі белгісіз ересектер арасында тіркелген. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Эпидемиологтар балаларға қызылшаға қарсы екпе салынбауына ата-аналардың одан бас тартуы себеп болатынын айтады – 202 науқас бала, ал 99 балада уақытша және тұрақты медициналық ауытқулар болған. 58 бала егу жасына жетпеген, бір жасқа дейін ауырып қалған.
Тек 5% немесе 20 бала қызылшаға қарсы екпе алып ауырған.
Қызылша өте жұқпалы ауру болып саналады және вакцинацияланбағандар арасында тез таралуы мүмкін.
Осы жылдың басынан бастап елорданың 51 мектепке дейінгі мекемесінде 85 расталған жағдай тіркелді, оның ішінде 8 балабақшада 5-тен 9-ға дейін, қалғандарында – бір-бірден тіркелді.
Осы жылдың басынан бастап елорданың 51 мектепке дейінгі мекемесінде 85 расталған жағдай тіркелді, оның ішінде 8 балабақшада 5-тен 9-ға дейін, қалғандарында – бір-бірден тіркелді.
Эпидемиологтар жүргізген талдау көрсеткендей, мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар негізінен қызылшамен ауырады. Қызылшаның 85 жағдайының 80-і немесе мектепке дейінгі мекемеге баратын балалардың 94%-ында қызылшаға қарсы вакцинация болмаған.