Қазақстанның жүздеген азаматы Газа секторынан шыға алмай жүр - министрлік себебін айтты

Газа секторынан тек “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана шығуға болады
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Газа секторында 100-ден астам Қазақстан азаматы шыға алмай жүр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде дипломаттар Газа секторында жүрген 67 Қазақстан азаматы анықталды.
“Ал олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам азаматымыз табылды. Кейбір отандастарымызда қандай да бір құжаттар жоқ. Дипломаттар осы және басқа да мәселелерді пысықтап жатыр”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Газа секторынан тек “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана шығуға болады. Ол бекет Мысыр шекарасында орналасқан. Қазір 45 мемлекет “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы өз азаматтарын шығару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
“Әзірше, бірде-бірде мемлекет өз азаматтарын Газа секторынан шығарған жоқ. Біз “Рафах” бекетінің ашылғанын күтіп отырмыз. Ашылған бойда өз азаматтарымызды шығарып аламыз. Бәрі дайын тұр”, - деп атап көрсетті Смадияров.
Израильде 100-ден астам Қазақстан азаматы көмек беруді сұрады