АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрайды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.
"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.