Қазақстан Ауғанстанға тағы 27 гуманитарлық көмек вагонын жіберді - ТЖМ

Sputnik
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1659 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлады ТЖМ.
Ведомствода атап өткендей, гуманитарлық жүктің көлемі президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республиканың мемлекеттік материалдық резервінен бөлінді.
"Ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім-кешек кіретін гуманитарлық көмек жүктері 27 теміржол вагонында тиеліп, Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді", - деп атап өтті министрлікте.
Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы 70 шатыр мен "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттар 11 қазанда Қазақстан Ұлттық ұланының ұшағымен Гератқа жеткізілді, деп еске салды ведомствода.
Бүгін жөнелтілген қалған жүкті Қазақстан ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тиеді.
Айта кетейік, Ауғанстанға 11 қазанда да гуманитарлық көмек жіберілген болатын.
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанда 211 үйінді қазды