Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің қорғаныс министрлігі 27 дрон жойылғанын хабарлады

Ұшақ түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Түнде Ресей Федерациясының аумағындағы нысандарға ұшақ түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының террористік шабуыл әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әуе қорғанысының кезекші құралдары жиырма жеті украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады. Олардың он сегізі Курск облысының үстінде, екеуі Белгород облысының үстінде әуеде жойылды.
Айта кетейік, бір күн бұрын Краснодар өлкесінің жағалауындағы Қара теңіз суының үстінде екі украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды деп хабарланған болатын.