Қазақстан Дүниежүзілік банкпен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Министр Дүниежүзілік банк тобының техникалық және сараптамалық көмегінің маңыздылығын атап өтті
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік банкпен, оның ішінде "жасыл" экономика және гендерлік теңдік сияқты бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Бұл туралы министр Дүниежүзілік банк тобының Маракештегі (Марокко) вице-президенті, қазынашысы және зейнетақыны қаржыландыру әкімшісі Хорхе Фамилиармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министр Дүниежүзілік банк тобының техникалық және сараптамалық көмегінің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ тараптар жобаларды ұлттық валюта-теңгемен қаржыландыру мәселелерін талқылады.
Бас экономист және ДБ даму экономикасы жөніндегі аға вице-президенті Индермит Гиллмен кездесу барысында фискалдық саясатқа, салық салуға, әлеуметтік салаға және тарифтерге қатысты тақырыптар талқыланды.
Әлібек Қуантыров жеке сектордың Қазақстанда өсу үшін үлкен әлеуеті бар екенін және фискалдық проблемаларды шешу үшін бюджет-салық және ақша-кредит саясатының өзара тығыз іс-қимылы қажет екенін атап өтті.