АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,4 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC).
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 32 шақырым жерде бүгін, 15 қазанда сағат UTC уақыты бойы 03:36-да болған (6.36 мск).
Ошақ 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Қазірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Герат провинциясында 11 қазанда ғана жер сілкінген болатын.