Роскосмос Байқоңырдағы Гагариндік стартты жалға алып, музей жасауды ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. "Роскосмос" қазақстандық серіктестерге Байқоңыр ғарыш айлағында планетаның алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин ұшырылған алаңды жалға алып, оның базасында ғарыш техникасы көрмесі бар мұражай жасауды ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы қазақстандық тарапқа Гагариндік стартты жалға алып, оның базасында музей кешенін құруды ұсынды. Музейде Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан және нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану перспективалары жоқ ғарыш техникасының нақты үлгілерін (макеттерін) экспонаттар ретінде орналастыру жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Мұндай ұсыныс КСРО азаматы Юрий Гагаринмен бірге Жердің алғашқы жасанды спутнигін және алғашқы басқарылатын ғарыш кемесін дайындап, ұшырған объектілердің тарихи мұрасын сақтау үшін жасалды. Тағы бір мақсат - "Байқоңыр" кешеніне туристерді тарту. Қыркүйекте Астанада өткен "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында Гагарин стартында мұражай құру перспективалары қарастырылды.
Музей кешенін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселесін пысықтау цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, қаржы министрлігіне және Қазақстанның туризм және спорт министрлігіне тапсырылды.
"Роскосмоста" "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартына сәйкес Гагарин старты Қазақстанның мемлекеттік меншігі болып табылатынын және 2050 жылға дейін Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алатынын еске салды