АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында геморрагиялық безгектің екі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
"Бүйрек синдромы бар геморрагиялық безгек жағдайлары Бәйтерек ауданында және Орал қаласында тіркелді. Инфекцияның көзі кеміргіштер және табиғаттағы вирустың резервуары болып табылады", - делінген аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Ауруды жұқтырған адамның дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырады. Терісі қызарады. Үшінші-төртінші күннен бастап белі мен, іші ауыра бастайды. Бүйрек зақымданады.
Ведомствоның айтуынша, аймақ геморрагиялық безгектің табиғи ошағы. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық безгек (GLPS) – адамның ұсақ қан тамырларына, бүйректеріне, өкпесіне және басқа мүшелеріне әсер ететін ауыр, өлімге әкелетін ауру. Ауру табиғатта GLPS вирусын тасымалдайтын орман кеміргіштерімен кеңінен таралған.