АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі кезінде Израильдің екінші азаматтығымен 16 ресейлік қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости Тель-Авивтегі Ресей елшілігінде.
Тағы 8 ресейлік хабар-ошарсыз кетті. Сонымен қатар Израиль азаматтығы бар кем дегенде бір ресейлік Газа секторындағы кепілге алынған адамдардың тізімінде, деп қосты елшілік