Ақмола облысында Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды

Sputnik
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында Степногор қаласында Асқар Забикулинге арналған жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен жылдың қараша айында өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин бейнеленген арт-объект Степногор қалалық 3-МӨСБ ғимаратының алдыңғы жағында орналасқан.
Батыр-құтқарушының портретін Степногор қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Алматылық "AW_borders" компаниясы орындаған. Суретші Абылайхан Сүлейменовтың жұмысына 10 күндей уақыт кеткен.
Степногор қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ержан Қаппасовтың айтуынша, мурал батырды еске алу үшін және арнайы кәсіби мереке, 19 қазан – Құтқарушылар күніне орайластырып отыр.
"Асқардың ерлігін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл мурал – бізге, сондай-ақ оның қыздарына қалған мұралардың бірі болып табылады. Оның ерлігін ұмытпағандарыңыз үшін көп рахмет және де қолдау көрсеткендері үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін", – деді Асқардың ағасы Эльдар Забикулин.
Қатысушылардың айтуынша, стрит-арт сурет қаланың көрікті жерлерінің біріне айналады.
Қоғам
Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте жарыққа шығады