Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанда 211 үйінді қазды

Құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтап, 14 қазанда үйлеріне қайтады
Sputnik
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін шығарып, жергілікті 80 тұрғынға медициналық көмек көрсетті және жер сілкінісі салдарынан қираған үйлердің 211 үйіндісін қазды.
Құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтап, ертең, 14 қазанда үйлеріне қайтады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ қазақстандық мамандар Наиброфи (Герат провинциясы) елді мекеніндегі қираған үйлердің 700 учаскесін зерттеді.
10 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ТЖМ-нің 45 қызметкері жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілген болатын.