Петропавл қаласының әкімдігі 8 миллионға кілем сатып алмақ болған

Әкімдік кілемнің шаршы метрін 35 мың теңгеден бағалаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 2 млрд. теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Солтүстік Қазақстанда биыл мемлекеттік сатып алу бойынша бағаны тым асыра сілтеп көрсеткен 79 факті анықталған. Бұл заңсыздық антикор жүргізген мониторинг кезінде белгілі болды.
"Биыл 9 айда жоспарланған мемлекеттік сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісі анықталды. Бюджеттің 1,8 млрд теңге қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған", - дейді ведомство.
Тіпті Петропал қаласының әкімдігі 7,8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болған.
"Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әрекетінен кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілем сатып алу бағасын қайта қарады. Әкімдік кілемнің шаршы метрін 35 000 теңгеден сатып алмақ болған", - дейді антикор.
Ақтөбе облысының әкімдігі 77 млн теңгеге екі электромобиль сатып алмақ болған