Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің президенттері саммитке қатысу үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке келді.
ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
ТМД Атқару комитетінің мәліметінше, саммитте өңірдегі қазіргі жағдай талқыланып, нақты құжаттар пакетіне қол қойылды.
Саммитке Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысқан жоқ.