Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21%-ке өсті

Жыл басынан бері Алматы еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары өсу қарқынын көрсетті
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Алматыда жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші артты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті.
"Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21%-ке өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту нәтижесінде оң динамикаға қолжетті", - деп мәлімдеді ведомство.
Сауда саласы 14,5%, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5%-ке, ал көтерме сауда саласы - 17,4%-ке өсті.
"Сондай-ақ байланыс қызметтері 3,3%-ке, көлік және қоймалау 9,5%-ке ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты", - дейді әкімдік мамандары.