АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. 11 қазанда өндірілген мұнай мен газ конденсатының көлемі 230,4 мың тоннаны құрады. Бұл бір күн бұрынғыдан (250 мың тонна) 7,8 процентке аз. Мұндай дерек отын-энергетика кешенінің талдау орталығының мәліметтерінде көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Теңізшевройл" компаниясы техникалық ақауға байланысты Теңіздегі 6 өндірістік желінің бірінде мұнай өндіру жартылай төмендегенін растады.
Қазіргі уақытта өндіріс қалыпты деңгейде, деп сендірді компания.
Бұған дейін Теңіз кен орнында мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеген еді.