Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейде ұшқышсыз ұшатын аппарат атып түсірілді

Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ресейдің Белгород облысында Украинаның ұшқышсыз ұшатын аппараты атып түсірілді, ол құлаған кезде жарылған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыс губернаторы Вячеслав Гладков.
"Украина қарулы күштері Валуйский қалалық округіне қарасты Новопетровка ауылына ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасады. Оны әуеде атып түсірді, бірақ құлаған кезде ол жарылып кетті – зардап шеккендер жоқ", - деп жазды губернатор.
Гладков жеке үйдің терезелері шағылып, қоршауы бұзылғанын айтты.
Валуйский қалалық округі Украинаның Харьков облысымен шектеседі.
Қазақстандық пилотсыз ұшу аппараты сынақтан сәтті өтті - министрлік