Қазақстан Қытайға мұнай экспортының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр – министрлік

Жеткізу көлемі тараптардың келіссөздері аяқталғаннан кейін белгілі болады
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан Қытайға мұнай экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Қазақстан мұнайының Қытайға транзитін ұлғайту үшін бірқатар техникалық іс-шараны жүзеге асыру қажет: Кеңқияқ-Атырау, Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын кеңейту. Жобаларды "ҚазТрансОйл" компаниясы жоспарлаған", - деді министр мәжіліс кулуарында.
Мұнай құбырларын кеңейтуді техникалық тұрғыдан 2-3 жыл ішінде аяқтау жоспарланған. Қазір қытайлық серіктестер - China National Petroleum Corporation (CNPC)-мен келіссөз жүргізіліп жатыр, деп атап өтті ол.
"Біз қытайлық серіктестермен келіссөзді бастап кеттік. Біз мұнайды жеткізугедайын болатын ресурс ұстаушыларға белгілі бір кепілдіктер беруіміз керек", - деп түсіндірді энергетика министрлігінің басшысы.
Техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін ҚХР-ға мұнай жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігі болады. Жеткізілім көлемі келіссөз қорытындысы бойынша жарияланады.