Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетеді

Жүк тасымалының негізгі көлемі қазақстандық тауарлардың экспортына тиесілі болды, ол бір жарым еседен астам өсті
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға өсіп, 2,4 миллион тоннаға жетті, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі.
Хабарламада экспорттық жүктерді тиеу тасымал өсімінің негізгі драйвері болғаны аталып өткен. Қытайға экспорт 57%-ға өсіп, 1,2 миллион тоннаны құрады. Атап айтқанда, астық экспорты 125%-ға өсті. Қыркүйек айында импорт 13%-ға өсті.
Жалпы, 2023 жылдың 9 айында екі ел арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22%-ға өсіп, 21,1 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелі арқылы 9,2 миллион тонна тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары. Қытайдан жүкті қабылдау 10%-ға, 8,3 миллион тоннаға дейін, жеткізу – 31%-ға, 12,8 миллион тоннаға дейін өсті.
Қазан айының қорытындысы бойынша теміржолшылар 2022 жылы 23,2 миллион тонна болған және тарихи ең жоғарғы көрсеткіш саналған тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 26%-ке өсті