Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан президентінің тапсырмасымен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары жіберілді
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген рейс жөнелтілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан направляет гуманитарный груз в пострадавший от землетрясения Афганистан
" Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар.
Казахстан направляет гуманитарный груз в пострадавший от землетрясения Афганистан
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.
Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді