Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты – тексеріс басталды

Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Павлодардағы Мұхтар Әуезов орта мектебінің асханасындағы тамақтан құрт шықты. Асхана тексеріліп жатыр, деп хабарлады қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Құрттаған тамақтың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.
"Бүгін мектеп асханасындағы ботқадан жеміс құрты табылған. Әкімшілік дереу азық-түлікті толық тексерді. Ботқа да, басқа азық та жаңа дайындалғаны анықталды, мерзімі өтпеген", - дейді ведомство.
Білім бөлімінің айтуынша, дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған.
"Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданды. Бүгін осы факт бойынша тексеріс жүргізеді. Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - дейді қалалық білім басқармасы.
Білім
Мектеп асханасы мен дәретханасын тексеру акциясы: бір аптада 400 хабарлама түскен