Атом энергетика комбинатының иесін ауыстыру мәселесін талқылауға дайынбыз – Сәтқалиев

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 қазан - Sputnik. Қазақстан энергетика министрлігі Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) меншік иесін ауыстыру туралы мәселені талқылауға дайын, деп хабарлады ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин пленарлық отырыста Сәтқалиевке МАЭК-тің меншік иесін ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
"Биыл МАЭК-те апат болды, салдарынан Атырау мен Маңғыстау тұрғындары электр қуатынсыз қалды... Егер турбиналар мен қазандықтарда апат болса, Қазақстанның батысында энергетикалық дағдарыс басталады. Бұл мұнай газ кешенінің жұмысына әсер етеді, комбинатты республикалық меншіктен жергілікті әкімдіктің меншігіне беру дұрыс шешім болды ма?"- деп сұрады Жаңбыршин.
Сәтқалиевтің айтуынша, министрлік атом энергетика комбинаты туралы пікірталас бастауға дайын.
"Нысанның маңыздылығын ескеріп, біз энергетикалық нысанның болашақ иесі туралы пікірталас жасауға дайынбыз", - деді энергетика министрлігінің басшысы Сатқалиев.
Комбинат Маңғыстау облысының коммуналдық меншігінде. Маңғыстау және ішінара Атырау облыстарын жарықпен, ал Ақтауды жылумен және сумен қамтамасыз етеді.
Биыл МАЭК-те ірі апаттар болды, олардың бірі Атырау мұнай өңдеу зауытының тоқтауына әкеп соқтырды.
Маңғыстаудағы МАЭК-те жөндеу жұмыстары жылыту маусымына әсер етпейді