Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысы өтіп жатыр

Алаңда әлемнің 23 елінен келген дін көшбасшылары мен олардың өкілдері бейбітшілікті сақтауға, диалог пен өзара түсіністік, ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға бағытталған идеялар мен ұсыныстарды талқылайды
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Бейбітшілік пен руханиятты жақтайтын жаһандық күштер халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға көмектесе алады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының қатысушыларына арнаған үндеуінде айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысы басталды. Хатшылық меңгерушісі, ҚР парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республика президентінің арнайы құттықтауын оқып берді.
"Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік, бауырмалдылық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаҺандық қозғалыс қажет", - делінген Тоқаевтың үндеуінде.
Президент бұл ретте дін басшылары айрықша рөл атқарады деп санайды.
"Дін көшбасшылары осы бағытта күш жұмылдырып, барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін", - делі мемлекет басшысы.
Диалог алаңының бірегейлігін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та атап өтті.