АЛМАТЫ, 11 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысында есірткі арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Шекара қызметі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті.
Пограничной службой и Департаментом КНБ при содействии органов прокуратуры в Мангистауской области пресечен региональный наркоканал
© Photo : Пресс-служба КНБ Казахстана
"Операция нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.